Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір түнде үш көлікті ұрлап кеткен: Алматыда полицейлер жедел жәрдем көлігін қуды (видео)

Алматы облысында ер адам бір түнде үш өлікті ұрлап кеткен. Алматы полицейлері түнгі қуғынның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ұрлап кеткен

Полицейлер мәліметінше, 31 шілде 21:45 шамасында Құлжа тас жолы бойынша тұрғын үй кешенінен BMW көлігінің ұрланғаны туралы ақпарат келіп түскен. Ұры өзге машинамен соғылып, оқиға орнынан қашып кеткен. Кейін Есік қаласына дейін жетіп, жолдың қарсы бетінде Toyota көлігімен соқтығысқан. Алайда апат орнынан тағы да қашып кеткен. 

Кейін ер адам Nissan көлігін ұрлаған. Дегенмен тас жолда аударылып қалыпты. Куәгерлер жедел жәрдем шақырған соң, ұры жедел жәрдем көлігін ұрлап кетуді көздеген. 

"Облыстық жедел жәрдем станциясына тиесілі Jac Sunray көлігіне мінген ұры қалаға кірген соң патруль полициясының қолына түсті. 1994 жылы туған К. есімді күдікті медициналық сараптама нәтижесінде есірткі тұтынғаны анықталды. Ол қамауға алынды", – делінген хабарламада.

Талқылау