Ақтауда 9 жасар бала демалыс орындарының біріндегі бассейнге батып кетті
Ақтауда 9 жасар бала демалыс орындарының біріндегі бассейнге батып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше оқиға 13 шілде күні орын алған. Демалыс орындарының бірінде 9 жасар бала бассейнге батып, көз жұмған.
"102" кезекші пультіне қоңырау сағат 15:12-де түсті. Тергеу-жедел тобы оқиға орнына барды. Бала бассейнге батып кеткен. Оның қасында ата-анасы болған”, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Ведомствода бұл факті қалалық ІІБ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне 001-бабы ("Адам өлімі") бойынша тіркелгенін айтты. Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жарияланбайды.
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады