Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда 21 тұтқынға тосқауыл болған күзетшінің ерлігі жайлы фильм түсірілді

Астанада 2010 жылы түрмеден қашқан 21 тұтқынның жолына тосқауыл қоя білген жас сарбаз Ербол Отарбаев туралы түсірілген “Алтыншы бекет” кинокартинасы таныстырылды.

Фильмнің сюжет желісіне Ұлттық ұлан жауынгері Ербол Отарбаевтың 2010 жылы 22 маусымда Ақтаудағы түзеу мекемесін күзету бойынша қарауыл қызметінде тұрған кезіндегі жанқиярлық ерлігі негіз болған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сол кезде жас сарбаз қатаң тәртіптегі колониядан қашпақ болған 21 жазасын өтеушінің жолына жалғыз өзі тосқауыл қоя білген. Оқиға кезінде Ербол үш жазасын өтеушінің көзін жойған. Өзі ауыр жарақат алып, 6 ай бойы ауруханада жатқан. Осы ерлігі үшін Ербол Мемлекет басшысының жарлығымен III дәрежелі “Айбын” орденімен марапатталған болатын. Бүгінде Ербол Ұлттық ұланның офицері, Шымкенттегі 6698 әскери бөлімінде тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар жөніндегі бөлімше бастығының көмекшісі болып қызмет атқарады.

Тағы да оқыңыз:

Оғыз Доған: Өзім түрік болсам да, қазақ қыздарының түріксымақтарға тұрмысқа шығуына қарсымын

Елімізде ең ұзақ есімімен танымал Ақпантоқпантұрарқожа сотталғалы жатыр

Ақтөбе тұрғыны жын жайлаған үйден отбасымен бірге қалай қашып құтылғанын айтып берді

Талқылау