Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Туысының үйінде тұрған: Ақтауда 16 жастағы қыз 13-қабаттан құлап көз жұмды

Ақтауда 16 жастағы қыз көпқабатты үйдің төбесінен құлап көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: бейнежазбадан алынған

Әзірге қыздың биіктен өзі секіргені немесе біреудің итеріп жібергені белгісіз.

Қайғылы оқиға Ақтаудағы элиталық тұрғын үй кешенінің бірінде болған. 13-қабаттан құлаған қыз сол сәтте жан тапсырған. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ дейді полицейлер. Алайда нақты көз жеткізу үшін сот-медициналық сараптама жасалады.

Куәгерлердің айтуынша, жасөспірім осы үйде туысының қолында тұрған екен. Үш жылдан бері отбасылық жанжал немесе ұрыс-керісті байқамадық дейді көршілері.

“Шақыртуға жедел тергеу тобы шықты. Оқиға орнында денесінде зорлық-зомбылық ізі жоқ 16 жастағы қыздың мәйіті табылды. Бұл деректі Ақтау полиция басқармасы ҚР ҚК 105-бабы бойынша тіркеді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды”, – деді Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Әйгерім Ибатуллаева.

Талқылау