Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда 12 жасар қыздың асқазанынан 3,5 келі шаш алынды

Ақтау облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері 12 жасар жасөспірімнің асқазанынан салмағы 3 келі 560 грамм болатын 35 сантиметрлік ұйысып қалған шаш алып шықты.

Ақтауда 12 жасар қыздың асқазанынан 3,5 келі шаш алынды

Бұл туралы облыстық балалар ауруханасының хирургиялық бөлімінің бастығы Сұлтанбек Тұмашев Lada.kz-ке хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Хирургтың айтуынша, ұйысып қалған шаш бүкіл асқазанды басып алғаны сонша, тіпті тамаққа орын қалмаған.

“Қыздың аяғында ісік пен ағзасында ақуыздың төмен болуына байланысты оны екі күн бойы отаға дайындады. Бұл отада  Жәнібек Теміров көмек көрсетті. Ота жасалмас бұрын қызға ұйықтататын дәрі салынды. Оның асқазаны біз ойлағаннан үлкен болып шықты, ол созылып кіші жамбасқа түсіп кеткен. Асқазанды ашу барысында біз салмағы 3 кг 560 грамм болатын және көлемі 35х13 сантиметр тығыз шашты таптық. Ұйысқан шаш аш ішекте болды. Асқазан мен ішекті жуып, тіктік. 13 шілдеде жасалған ота қалыпты өтті. Науқастың тәбеті жақсы, оның үстіне бұл асқазанын ысозылып кеткеніне байланысты. Бүгін науқас үйіне жіберілді”, – деп түсіндірді Сұлтанбек Тұмашев.

Қыздың анасы оның көп жылдар бойы шашының ұшын аузына салып жүргенін айтты. Соңғы екі-үш жылда жасөспірім құсуды әдетке айналдырған. Онымен қоймай қыз бозарып, арықтап елмен сөйлесуден қалған. Жасөсіпім салмақ тастап жүдегенімен, бірақ оның асқазаны уақыт өте ұлғая бастаған. Кейін компьютерлік томографиялық зерттеу жүргізгенде дәрігерлер оның асқазанынан үлкен боп ұйысып қалған шаш тапты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау