Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтаудың көшелерінде емін-еркін жүрген арыстанның иесі іздестірілуде (видео)

Ақтау қаласының маңынан ұсталған арыстанның иесі іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап. 

Естеріңізге сала кетейік полиция қызметкерлері Ақтау қаласының маңынан арыстан ұстап алғаны белгілі болды. Полицияға Ақшүкір кентінде жүрген арыстан туралы хабарланған. Арыстанды инспекторлар ұстап алды .

Болған жағдайға Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет түсінік берді.

Сәкен Ділдахметтің айтуынша 25 маусымда, таңғы сағат 05:30 жергілікті тұрғындарынан Маңғыстау облысының Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылының маңында арыстанның жүргені туралы хабарлама келіп түскен.

"Маңғыстау облысының Полиция департаменті мен Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық департаменті жабайы аңды ұстауға шықты. Мамандар арыстанды ұстады. Қазіргі уақытта арыстан «Қошқар Ата» елдімекенінде бақылауда", - деп жазды Сәкен Ділдахмет Facebook парақшасында.

Арыстанның жасы шамамен 1-1,5 жаста. Анықталғандай бұл африкалық арыстан болып шықты. Адамдардан қорықпайды. "Арыстан СИТЕС конвенциясының (жоғалу қаупінде тұрған, жабайы фауна мен флора түрлерінің халықаралық саудасы бойынша конвенциясы) тізіміне енгізілген.

"Оның иесін анықтап, құжаттар тексерілгеннен кейін арыстанның жайы ары қарай не болатыны шешіледі", - деп жазады Сәкен Ділдахмет.
 

Талқылау