Ақтау көшесінде қарумен жүріп жұртты шошытқан жігіт 7 жылға сотталуы мүмкін
Азық-түлік дүкенін тонап, кейін полицейлерден қашқан ол шолақ мылтығымен жұртты шошытқан болатын, деп хабарлайды КТК.

Тәртіп сақшылары оны қаладағы мектептердің бірінің жанында қолға түсірді. Тонаудың өзі дүкендегі бақылау камерасына түсіп қалған. Жазбада қарақшының дүкеншіге қару кезеніп, ақша талап еткені анық көрінеді.
Бірақ таңның атысымен келген жігіт өзімен бірге небәрі 8 мың теңге алып кеткен. Қазір қарақшылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, 31 жастағы азаматтың қаруды қайдан алғаны анықталуда. Айта кетерлігі ол осыған дейін тонау бабымен істі болған екен.
Тағы да оқыңыз:
Қазақстандыққа Қытайда адам өліміне кінәлі деген айып тағылды: Күдіктінің өзі шабуыл жасағандардан қорғанғанын айтып отыр
Отбасы: "Қазақ қызының намысын қорғау үшін басталған оқиға адам өлімімен аяқталып отыр"
"5 жастағы баланы даярлық сыныбына да, балабақшаға да алмайды": Қазақстандық ата-ана білім беру жүйесіндегі қайшылыққа наразы
Ата-ана: "Балабақша қалдырмайды, даярлық сынып қабылдамайды"