Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы сыбайлас жемқорлық ісі бойынша қамауға алынды

Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы сыбайлас жемқорлық ісі бойынша қамауға алынды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Актау билим болими

Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру саласында заңсыз баюдың жемқорлық схемасын ашты.

Жүргізілген жедел-тергеу іс-шаралардың нәтижелері бойынша Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы әшкереленді.
Ол аз қамтылған отбасылардан шыққан отбасыларға тамақтандыру қызметтерін көрсету бойынша жасалған шарттар шеңберінде орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны, ақша қаражатын аудару және жалпы қамқорлығы үшін пара алу фактісі бойынша күдіктелуде. Соттың санкциясымен күдікті қамауда ұсталады”, – делінген дүйсенбіде тараған ақпаратта.



Антикор сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатқанын жеткізді.

Талқылау