Ақтау әкімінің орынбасарына жарты миллион теңге айыппұл салынды
Ақтау қаласы әкімінің орынбасары кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін 483 мың теңге көлемінде айыппұл төлеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Freepik.com
Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Маңғыстау облысы бойынша басқармасының басшысы Шамұрайт Шәменов мәлімдеді.
Басқарма басшысының мәліметінше, лауазымды тұлға қолданыстағы шектеулерді туралы біле тұра кәсіпкерлік қызметті ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 154-бабының талаптарын бұза отырып жүзеге асырған. Бұл үшін әкім орынбасарына 483 мың теңге айыппұл салынды.
"Сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жағдайда тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің "1424" Call-орталығына хабарлауға болатынын естеріңізге саламыз", – делінген хабарламада.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады