Ақтау әкімінің орынбасары қызметке тағайындалғаннан кейін екінші күні жұмыстан шығып кетті
Ақтау әкімінің орынбасары болып тағайындалған Әсет Шопанов келесі күні жұмыстан шығып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Ақтау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақтау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Әсет Шопанов Ақтау әкімі орынбасарының қызметінен өз еркімен босатылған.
“Әсет Шопанов 3 наурызда Ақтау әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Келесі күні, 4 наурызда ол жұмыстан шықты", – делінген баспасөз хабарламасында.
Деректерге сүйенсек, бұған дейін 2024 жылдың мамыр айында шенеунікке қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылған.
Еске салсақ, бұған дейін көлікті мас күйде айдағаны үшін сотталған Әсет Шопановтың Ақтау әкімінің орынбасары болғаны туралы хабарлаған едік.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған