Ақтаудағы полицейлер мен әйелдердің жанжалы: Оқиғаның мән-жайы белгілі болды
Ақтауда ұсталған көлік жүргізушісі үшін болған жанжалдың егжей-тегжейі белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Анықталғандай, тәртіп сақшылары көлік жүргізушісін медициналық куәландыруға апарар кезде оның таныстары араласып, полицейлермен жанжалдасқан.
Шу басылғаннан кейін жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
"Видеодағы барлық адам және өз әрекеті арқылы полицейлердің қызметтік міндетін орындауға кедергі жасаған жүргізушінің таныстары Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 667-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – делінген хабарламада.
Бұған дейін Ақтаулық әйелдер ұсталған көлік жүргізушісін босату үшін полицейлерге жұдырық ала жүгіргені хабарланды.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды
