Ақсуда 5 жасар қыз бала қайнаған су толы шұңқырға құлап кетті

Фото: Stan.kz
Ақсуда 5 жасар қыз бала ыстық суға толы шұңқырға құлап, күйік жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақсудың әкімдігі баланың жарақат алғанын растады. Куәгерлердің айтуынша, балалар ойнап жүрген ойын алаңының жанында құбыр жарылып, онда шұңқыр пайда болған.
Ведомствоның мәліметінше, оқыс оқиға 6 қыркүйек күні сағат 17:30 шамасында дүкендердің бірінің қарсы бетінде болған.
“Бала Ауэзов көшесіндегі ыстық су құбырының жарылуынан пайда болған шұңқырға құлап кеткен.
Дене мен аяқтың I–III дәрежелі күйік жарақаттарын алған ол Павлодар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қыздың денесінің 17%-ын күйік шалған," – делінген хабарламада.
Талқылау
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып
Желіде шетелге шыққан қазақстандықтарға сыйақы ұсынатындар көбейген: Мұның артында не тұр
Ведомоство мұндай жағдайлар жауапкершілікке әкелетінін ескертті