"Ақшасын түгел қайтарып алды": "Орда" тобы кәсіпкер Тоқтар Төлешовпен қалай байланысты үзгендерін айтып берді
25 жылдан бері шоу-бизнесте жүрген Орда тобы кәсіпкер Тоқтар Төлештің өздеріне қалай көмектескенін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жеке парақшадан алынды
Топ мүшелері “Замандас” подкастында келіп, өнерге қатысты сұрақтарға жауап берді.
“Біз Тоқтар ағамен байланыс орнатып, жұмыс істей бастадық. Мәскеуден келген уақытта ол кісіде қиындықтар басталды. Салмақты іс екенін білдік. Сол аралықта топтың шығармашылығы тоқтап қалды. Өнеріміз де тоқырауға ұшырады. Қаржылық қиындықтарға тап болдық. Әрі қарай өз бетімізше әрекет ете берейік десек те, болмады”, – деді топ мүшелері.
-
Шымкентте Тоқтар Төлешовке тиесілі болған Мәдениет үйінің орнына келер жылы Жастар сарайы салынбақ
-
Шымкентте "сыра патшасы" Тоқтар Төлешовке тиесілі мәдениет үйі коммуналды қызметке беріледі
Өнер иелерінің сөзінше, әншілердің альбомы дайын болса да, Тоқтар Төлешов тарапынан тоқтау болған.
“Біздің Ерка (Ерболат Беделхан) бір орында отыра алмайтын жігіт. Тығырықтан шығудың жолдарын іздей бастады. Сол тұста ол Зарина Алтынбаеваның анасы Рая әпкемен танысты. “Мадудың” (Мадина Алтынбаева) жобасы басталған кез. Рая тәте Мадумен бірге Лос-Анджелесте клип түсіруді ұсынды. Біз “Тоқтар ағадан ақша алмай, дұрыс істедік” деп ойладық. Тіпті, Лос-Анджелеске барып, клип түсірдік. Шын мәнінде, олай емес екен. Бұл ағамызға қатты тиді. Ту сыртынан пышақ сұққандай болдық. Бірден бәрі өзгерді. Алдымен жұмыстан қуып жіберді. Одан кейін бізге жұмсаған ақшасын қайтарып алды. Бір күні жігіттері келіп, есеп айырысты. Біз бүкіл ақшаны қайтарып бердік. Қазір ойласақ, дұрыс болған екен, – дейді әнші Дастан Оразбеков.