Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Ақша желге ұшты": Ақтөбе облысында 234 миллион теңгеге салынған саябақ қараусыз қалған

Фото: Видеодан скрин

Ақтөбе облысындағы Қандыағаш қаласында 234 миллион теңгеге салынған саябақ қазір қараусыз күйде жатыр. Халық оны "желге ұшқан ақша" деп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қандыағаш қаласының тұрғыны Зәурехан Дұрымбетова кешке саябақта жарық жоқ екенін айтады. 

"Саябақты тезірек жасап берсе жақсы болар еді. Балаларымыз кешке барып, ойнатуға жақсы. Оларды қараусыз қалдырмау үшін бірге жүреміз. Саябақтың  бір бөлігі ашылып, жылқылар кіріп кетті. Қарап жатқан ешкім жоқ", – деп ашуланды қала тұрғыны.

Тұрғындардың айтуынша, саябаққа шырша мен қайың ағаштары отырғызылып, арнайы шатырлары, суағар мен мәңгілік алау да салынуға тиіс болған. Ал қазір демалыс орнының қоршауы құлап, спорт алаңы адам шошырлық күйде дейді тұрғындар.

"Әуелі, футбол ойнайтын алаңды бітірді. Келесі жылы ағашын екті. Жылда бастайды. Жылда бір нәрсесін істейді, сосын қалады. Жарық жоқ. Айтсақ ақша жоқ, ақша жоқ дейді. Кімге айтамыз. Осылай қалды. Ақша жоқ. Барлық ақша желге ұшып кетті", – деді Әсия Омарова.

Саябақтың құрылысы бес жылға созылған. 4 гектар аумақты алып жатқан демалыс орнын салуға бюджеттен 234 миллион теңге қаражат бөлініпті. 

Қала әкімінің айтуынша, саябақ әкімдік балансына өтпесе де, күтімді өздері жүргізіп жатыр. Шөп орып, су құйып, қоқысын тазалап отыр. Мердігер компания кеткен кемшіліктерді бір ай ішінде жөндеп беруге уәде еткен.


Алматыда адамдар отырған аттракционның әуеде тұрып қалған сәті видеоға түсіп қалды


Астанада "Диснейленд" емес, ойын-сауық паркі салынбақ


Еске салайық, бұған дейін Түркістандағы аяқсыз қалған 9 миллиард теңгелік жағажайдың жағдайын көрген қазақстандықтар жаға ұстады. "Әділдік жолы" басшысы Дидар Смагулов желідегі парақшасында Түркістандағы аяқсыз қалған жағажайдың суреттерін жариялап, оны "Шөкеев жағажайы" деп атады. Өйткені бұл жобаға қаржы Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының әкімі болып тұрған кезде бөлінген. Қоғам белсендісі қазіргі жағажайдың жағдайы көңіл көншітпейтінін айтады.

Айым Атамбаева
Сенбі, 26 Сәуір, 2025 11:57
Талқылау