АҚШ жеріне шамамен 24 мыңға жуық ауғандық азамат келген
Америка Құрама Штаттары Кабулдан эвакуацияланған кем дегенде 23 876 ауғандықтарды өз аумағына жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі CBS News сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Нед Прайс мәлім етті.
Прайстың сөзінше, ел аумағына 7 тамыз бен 31 тамыз аралығында келген 31107 эвакуацияланғандардың 14%-ы АҚШ азаматтары, 9%-ы – тұрақты тұрғындар болса, 77%-ы "тәуекел аймағында тұрған" ауған азаматтары.
Деректерге сәйкес, эвакуацияланған ауғандықтар АҚШ-тың жеті әскери базасында, сонымен қатар Парсы шығанағы мен Еуропадағы қалаларда тұратын болады.
Айта кету керек, Ақ үй АҚШ-қа әкелінген ауғандықтардың нақты санын әлі күнге дейін айтқан жоқ.
АҚШ билігі қазіргі таңда Ауғанстанда эвакуациялауды қалайтын 100-ден 200-ге дейін американдық азамат бар екенін де жасырмады.
Бұған дейін АҚШ әскерінің Ауғанстан аймағынан шығарылуы аяқталғаны айтылған болатын.
Қазақстанда үйді міндетті сақтандыру қалай жұмыс істейді: Жылына қанша төлеп, апат болса қанша ақша алуға болады
Жоба әуелі үш өңірде сынақтан өткізіліп, кейін 16 өңірге енгізілмек
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған