Америка Құрама Штаттары Ауғанстанда болған 20 жыл уақытта 2 мыңнан астам адамынан айырылған
Америка Ауғанстан аумағында болған 20 жыл уақыттың ішінде 2 мыңнан астам адамынан айырылған. Бұл туралы АҚШ Орталық қолбасшылығының (USCENTCOM) басшысы генерал Кеннет Маккензи айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі C-SPAN-ға сілтеме жасап.

"Әскердің шығарылуымен АҚШ-тың Ауғанстандағы жиырма жылдық миссиясы аяқталады. Бізде бұл уақыттың ішінде АҚШ әскерилері мен бейбіт тұрғындар арасында 2461 құрбандар мен 20 мыңнан астам жараланған адамдарымыз болды", – деді ол.
General McKenzie: “We did not get everybody out that we wanted to get out.”
— Benny (@bennyjohnson) August 30, 2021
pic.twitter.com/OGuusfv5k2
Бүгін американдық әскерилер бар соңғы ұшақ Кабул әуежайынан ұшып шыққаны мәлім болған еді. "Әл-Жазира" телеарнасындағы ақпарат көздерінің хабарлауынша, АҚШ әскерлерінің шығарылуы аяқталғаннан кейін Кабул халықаралық әуежайы "Талибан" қозғалысының (Қазақстанда тыйым салынған) толық бақылауына өтті.
Қазақстанда үйді міндетті сақтандыру қалай жұмыс істейді: Жылына қанша төлеп, апат болса қанша ақша алуға болады
Жоба әуелі үш өңірде сынақтан өткізіліп, кейін 16 өңірге енгізілмек
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған