"АҚШ-ты таңдадым": Еркебұлан Тоқтар елден кететінін мәлімдеді
Фото: https://www.instagram.com/erkebulan_toktar
ММА жұлдызы әрі актер Еркебұлан Тоқтар келесі жекпе-жегіне дайындықты АҚШ-та өткізетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында Майами қаласына әуе билетін рәсімдеп жатқан сәтін жариялап, 15 қаңтар мен 15 наурыз аралығында Америкадағы топ-тимдердің бірінде 2 айлық оқу-жаттығу жиынын өткізетінін айтты.

Ол сондай-ақ жаттығу үшін неліктен АҚШ-ты таңдағанын түсіндірді.
“Бізде де мықты жаттықтырушы көп, бірақ жаттығу тек оларға байланысты емес. Кіммен дайындалатының, серіктесің кім екені маңызды. Мәселен мен баратын залда бәрі – UFC палуандары, лигалардың чемпиондары. Мен мұндай адамдармен тез өсемін, ал Алматыда нақты мамандандырылған зал жоқ”, – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Еркебұлан Тоқтар өзбекстандық қарсыласын алғашқы минутта нокаутқа түсіріп, жеңіске жеткені хабарланған еді.
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты