Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ Тайваньға қару-жарақ сатуға рұқсат берді: Қытай бұған наразы болып, қарсы шара қабылдайтынын мәлімдеді

Бейжің АҚШ-тың Тайваньға қару-жарақ жеткізуіне және Тайвань президентінің Гавайиге сапарына наразылық білдіріп жатыр. Қытай тарапы енді бұл әрекетке жауап қайтаратындарын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Deutsche Welle порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Ann Wang//REUTERS

Бейжің АҚШ-тың Тайваньға қару-жарақ сатуға рұқсат бергеніне наразы. ҚХР сыртқы істер министрі 1 желтоқсанда бұған жауап ретінде егемендікті, қауіпсіздікті және аумақтық тұтастықты қорғау үшін қарсы іс-қимыл шараларын қабылдайтынын хабарлады.

Қытай Вашингтонды өзінің бүлікші провинциясы санайтын Тайваньға қару жеткізуді тоқтатуға шақырды. 

"Жақында АҚШ мемлекеттік департаменті Тайбэйге 385 миллион долларға қару-жарақтың кезекті партиясын сатуды мақұлдады. Әңгіме F-16 жойғыштарына арналған қосалқы бөлшектерді, радиолокациялық жүйелерді, сондай-ақ ұялы байланыстың жаңғыртылған жабдықтарын жеткізу туралы болып отыр", – деп жазады басылым.



Қытай сондай-ақ Гавайи штатында Тынық мұхиты аймағына жасаған сапарында Тайвань президенті Уильям Лайды АҚШ-тың жоғары дәрежеде күтіп алғанына қарсы. Бейжің бұл үшін АҚШ-ты айыптап, Вашингтонға наразылық білдірді.

Талқылау