Бұғыны "зомбиге" айналдыратын ауру адамдар арасында таралуы мүмкін – Ғалымдар
Америкалық ғалымдар зомби-бұғы ауруы адамдарға жұғуы мүмкін екенін ескертті. Бір ай бұрын Йеллоустоун ұлттық саябағында бұғыға миға зиян келтіретін вирус жұқтырған алғашқы оқиға тіркелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: dailymail.co.uk
Вирус жануарлардың миына шабуыл жасап, "зомби бұғы ауруы" созылмалы әлсіздік дертін тудырады. Жануарлардың аузынан сілекей ағып, орманды мақсатсыз кезіп, адамдардан мүлде қорықпайды.
"Ұлыбританиядағы BSE (жынды сиыр ауруы – ірі қараларды зақымдайтын ауру) індеті ірі қара малдан адамдарға өткен кезде, бәрі бақылаудан шығады", – деді ветеринар Кори Андерсон
Соңғы жылдары вирус АҚШ-тың 31-ден астам штатына, Канаданың екі провинциясына және Оңтүстік Кореяға тарады.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ