Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-тағы сайлаудың алдын ала нәтижелері бойынша Трамп көш бастады

АҚШ-та елдің 47-президентін тағайындау үшін сайлау өтіп жатыр. Әзірге алдын-ала қорытындысы шығып, көпшілік Трамп болады деген болжам жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

20-ға жуық штатта дауыс беру аяқталды. Трамп Флорида, Оңтүстік Каролина, Алабама, Миссисипи, Индиана, Теннесси, Оклахома, Арканзас, Оңтүстік Дакота, Луизиана, Кентукки, Батыс Вирджиния, Вайоминг, Огайо, Солтүстік Дакота, Небраска, Флорида және Техас штаттарында көп дауыс жинаған.

Харрис Род-Айленд, Вермонт, Коннектикут, Массачусетс, Мэриленд, Делавэр, Нью-Джерси, Иллинойс және Нью-Йоркте жеңіске жетті.

Сондай-ақ Трамп бес тұрақсыз штаттың төртеуінде көш бастады:

  • Солтүстік Каролина. Дауыстардың 70%-ы өңделді, Трамп – 52%, Харрис – 47%;
  • Мичиган. 18% дауыс, Харрис – 50%, Трамп – 48%;
  • Джорджия. Дауыстардың 84%-ы өңделді, Трамп – 52%, Харрис – 47%.
  • Висконсин. 42% дауыс, Трамп – 51%, Харрис – 48%;
  • Аризона. 40% дауыс, Трамп – 50,1%, Харрис – 49,1%.
  • Невададағы деректер әлі қолжетімді емес.

Дональд Трамп Пенсильванияда бірінші рет көш бастады Әзірге дауыстардың 51,4%-ы өңделді. Трамптікі – 50,7%, Харристікі – 48,4%.

Демократиялық партиядан президенттікке үміткер Камала Харрис Вашингтондағы Ховард университетінде, 1986 жылы экономика және саясаттану мамандығы бойынша бітірген қара нәсілділерге арналған университетте сайлау нәтижелерін көруді жоспарлап отыр.

Бұрынғы президент Дональд Трамп Флорида штатындағы Палм-Бичте дауыс берді.

Сайлау нәтижесін жеті свинг штатында – Аризона, Висконсин, Джорджия, Мичиган, Невада, Пенсильвания және Солтүстік Каролинадағы дауыс беру нәтижелері анықтайды. Олардың әрқайсысында дауыстарды санаудың әртүрлі ережелері бар. Ал кейбір штаттарда санау бірнеше күнге созылуы мүмкін.

2020 жылы сайлау учаскелеріндегі сайлаушылардың көбі республикалық болғандықтан, мерзімінен бұрын сайлау нәтижелері Дональд Трамптың басым екенін көрсетті. Бірақ демократтар пошта арқылы дауыс беруде басым болып, Джо Байден жеңді. Төрт жыл бұрын бұл штатта дауыстарды санау төрт күнге созылған. Биыл бұл процесс жылдамырақ болады деп үміттенеді.

Дональд Трамп 78 жаста, Харрис 60 жаста.

New York Times Дональд Трамптың сайлауда жеңу ықтималдығы 73% деген болжам жасады. Бұл болжам әлі де өзгеруі мүмкін. Associated Press Трамп Миссуриде жеңеді деп мәлімдеді. Бұл 10 дауыс. Жалпы, AP мәліметінше, Трамптың 188 дауысы бар, Харристің 99 дауысы бар. Жеңіске жету үшін 270 дауыс қажет.

Еске салсақ, бұған дейін АҚШ сайлауы алдындағы соңғы сауалнаманың нәтижесі бойынша екеуі тең түскен еді.

Талқылау