Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та жас отбасы сәбилеріне Аллах деген фамилия беру үшін билікпен күресіп жатыр

Америкалық отбасы балаларына Аллах деген фамилия беруге қарсылық білдірген Джорджия штатының билігін сотқа берді.

2017032808411366828__95349020_gettyimages-591822550-1

Бұл туралы BBC хабарлайды.

Штаттың денсаулық сақтау министрлігі 22 айлық қыз балаға Алла деген есімді бекітіп, туу туралы куәлігіне жазып беруге қарсылық білдірген.

Қыздың ата-анасы Элизабет Хенди мен Билал Уолк өз қыздарына Заликха Грейсфул Лоррейн Аллах деген есім бергілері келген. Алайда штат заңы бойынша бала әкесінің немесе анасының фамилиясын, не болмаса екі фамилияның біріккен нұсқасын иеленуі тиіс.

“Аллах” сөзі араб тілінде “Құдай” деген мағына береді. Қыздың әкесінің айтуынша, бұл өте ерекше есім, ал бұл есімді таңдауына діннің еш қатысы жоқ екен. “Бұл әділ емес, және біздің құқымызды бұзып отыр” дейді Уолк.

ЗалиКхидің Мастерфул Мозира Али Аллах деген үлкен ағасы бар. Оның жасы 3-те. Штат оның есім-сойына қатысты ешқандай кінә қоймаған.

Ал қыздың ата-анасы болса сәбилері ресми есімсіз қалып қоя ма деп алаңдайды. Сондай-ақ, нәрестеде әлеуметтік сақтандыру нөмірі де жоқ. Ал келешекте туу туралы куәліксіз медициналық көмек алу мен мектепке орналасу мәселесі шешілмейді.

Оқи отырыңыз:

Қаңғыбастың азық-түлігіне ақша төлеп берген полицей жұмыстан қуылуы мүмкін

Ер адам баласын аңдимын деп әйелінің бөтен еркекпен секспен айналысқанын байқап қалды (видео)

Пайғамбар (с.ғ.с.) мешітінде намаз оқып тұрған азамат сәждеде көз жұмды (фото)

42 жастағы америкалық әйел кәмелетке толмаған оқушыларды зорлағаны үшін жауапқа тартылды

Талқылау