Пайғамбар (с.ғ.с.) мешітінде намаз оқып тұрған азамат сәждеде көз жұмды
Наурыздың 12 күні Мадина қаласындағы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мешітінде дұға намазын оқып жатқан ер адам сәждеге бас қойған күйі көз жұмды.

Бұл туралы Сауд Арабиясының бірқатар баспасөз құралдары хабарлады.
Сауд Арабиясының Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты «Аджил» газетінің хабарлауынша, қаза болған ер адамға мешіт күзетшілері алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем қызметін шақырмақ болған. Алайда олар ажалға араша тұра алмады.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мешітінде сәждеге бас қойған күйі жан тәсілім еткен азаматтың суреті әлеуметтік желілерде тез таралып, аз уақыт ішінде миллиондаған жан көріп үлгерген.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген