АҚШ-та торнадо тұрып, 25 адам көз жұмды
АҚШ-тың Миссисипи штатында торнадо дауылы тұрып, 26 адам мерт болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews-ке сілтеме жасап.

Табиғат құбылысынан Роллинг-Форк қаласы қаттырақ зардап шекті. Қалада жүздеген ғимарат қирап, ондаған адам жарақаттанды.
АҚШ Президенті Джо Байден бірнеше округте төтенше жағдай режимін жариялады. Зардап шеккендерге көмек беруді тапсырды. Соны ішінде уақытша баспана тұрғызу да бар. Бүлінген инфрақұрылымды қалпына келтіріп, тұрғын үйлері сақтандырылмағандарға жеңілдікпен несие беру қажеттігін айтты.

Айта кетсек, 2011 жылғы сәуірде осы штатта торнадо тұрып, 31 адам ажал құшқан еді.
Шымкенттік әйел өзін күйеуі мен енесі ұрып-соғып, екі баласымен үйден қуып жібергенін айтты
Қазір әйел екі баласымен әпкесінің үйін паналап отыр
Қазақстандық Ресейге жұмысқа кеткен інісінің Украинадағы соғысқа күштеп жіберілгенін айтып, көмек сұрады
Айнабек: "2-3 күнде алып кетпесеңіздер соғысқа аттандыру басталып кетті"