АҚШ-та дәрігерлер ер адамға шошқа жүрегін салған: Ағзадан қауіпті вирус табылды
Зерттеушілер АҚШ-та науқасқа трансплантацияланған шошқаның жүрегінен генетикалық түрлендірілген вирусты тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жануардың жүрегін адамға трансплантациялау әлемде бірінші рет болған. 7 қаңтарда жүрегін ауыстырған 57 жастағы Дэвид Беннет ота соң екі ай уақыттан кейін қайтыс болған.
Мэриленд университетінің дәрігерлері органнан герпесвирустар тұқымдасына жататын шошқа цитомегаловирусы табылғанын хабарлады.
Дегенмен, зерттеушілер вирус Беннетттің өліміне себеп болған инфекцияны тудыратын белгілер таппағанын айтты.
"Ол вирус жай өтпелі болуы мүмкін", – деп түсіндірді операция жасаған хирург Бартли Гриффит.
Органмен қамтамасыз еткен биотехнологиялық Revivicor компаниясы түсініктеме беруден бас тартты.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды