Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та Колорадо соты Трампқа сайлауға қатысуға тыйым салды

АҚШ-та Колорадо штатының жоғарғы соты Дональд Трампты 2024 жылы АҚШ президенттігіне үміткерлер тізімінен шығару туралы шешім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Hill сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

трамп

Колорадо жоғарғы сотының хабарлауынша, Трамп бұл штаттағы президенттікке үміткерлер тізіміне кірмейді. Бұл шешім 2021 жылғы 6 қаңтардағы оқиғаға байланысты. Себебі Дональд Трамптың жақтастары президент сайлауының нәтижелеріне қарсылық білдіріп, Капитолийге басып кірген екен. Ал сайлау нәтижелері бойынша Джо Байден президенттікке отырды.

Дональд Трампты АҚШ тарихындағы Ақ үйге сай емес деп танылған алғашқы президенттік үміткер болды. Себебі конституциялық ережеге сәйкес шенеуніктер "бүлік немесе көтеріліске" қатыса алмайды.

Трамп жоғарғы сотқа шағымдануы үшін сот шешімін 4 қаңтарға қалдырды. Судьялар апелляцияны шешкенге дейін Трамптың аты автоматты түрде бюллетеньде қалады.

Бұған дейін АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден егер Дональд Трамп үміткер болмаса, ол да сайлауға қатыспайтынын айтты.

Сауалнама нәтижесінде Трамп көш бастап тұр, ал қазіргі президент Джо Байден ең төменгі орында.

Талқылау