АҚШ-та iPhone иелері телефоннан белгісіз дауыстар шыққанын айтып, дабыл қақты
АҚШ-та iPhone иелері телефондардан түсініксіз дауыстар шығатынын мәлімдеді. Әлеуметтік желілерде Apple смартфондарының қолданушылары ақаулық бойынша наразы болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
Бір сәтте олар iPhone телефонынан басқа адамдардың дауыстарын естіді, бірақ сол дауыс бойынша аудио, видеофайл болған жоқ.
Apple компаниясы бұған әлі түсініктеме берген жоқ.
Киберқауіпсіздік бойынша сарапшы Евгений Питолин мұндай жағдайлар болуы мүмкін деп санайды. Бірақ көбіне олар құрылғы өндірушілерінің емес, байланыс операторларының жұмысымен байланысты дейді. Смартфондар жағдайында апаттар қолданбалардағы ақаулардан туындауы мүмкін. Маман алаңдауға негіз жоқ деп есептейді және смартфондарды қорықпай пайдалануға болады.
“Меніңше, бұл – телефондағы ақпаратты бұзып ашу емес. Оны ойдан шығарылған оқиға немесе белгілі бір қолданбадағы кемшілік, бастапқы кодтың сапасына қатысты”, – деді киберқауіпсіздік бойынша сарапшы Евгений Питолин.