Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерекше сырт келбетке ие мысық қала әкімі болып тағайындалды

АҚШ-тың Мичиган штатында үлкен көзді және ірі табанды Джинкс есімді қара мысық Хэлл қаласының мэрі болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail-ге сілтеме жасап.

24 сәуір күні мысыққа 72 тұрғыны бар қаланың кілті табыс етілді. 
Мысық Калифорнияда тұратын Миа есімді иесінің арқасында Хэлл (ағылшын тілінен аударғанда Тозақ мэрі) қаласының әкімі болды.

Сәуір айының басында ол АҚШ-та үй жануарын қала әкімі етіп тағайындауға болатын жер іздеген. Көп ұзамай оған Хэлл тұрғындарынан ұсыныс түсті. Олар қоғамдық қажетілліктерге 100 доллар көлемінде ақша аударсын деген шарт қойды. 

Атап өтерлік жайт, Хэлл қаласының әкімі болып кез-келген қалаған жан сайлана алады. Қала мұндай мүмкіндікті бір күнге немесе бір сағатқа береді. Оның үстіне Джинкс ең танымал әкім болуы мүмкін. Ерекше сырт келбеті — үлкен көзі мен ірі табанының арқасында TikTok-та 736 мың оқырманы бар. 



Иесі бұл мысықты 2018 жылы үй ауласынан тапқан. Ол кезде жануар небәрі үш апталық болған. Уақыт өте келе, Миа мысықтың көзі үлкейе беретінін байқаған. Ветеринарлардың айтуынша, мысықтың денсаулығында кінәраты жоқ, тек сыртық келбетімен ерекшеленеді.

Талқылау