Америкада әйел бір жылда төрт рет ана атанған
45 жастағы америкалық Трейси есімді әйел он үш айда төрт рет ана атанған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Sun басылымына сілтеме жасап.

Әйелдің сөзінше, 10 жастағы үлкен ұлы өзін жалғыз сезінетінін және бауыры немесе қарындасы болғанын қалайтынын айтқан. Ұлымен әңгімеден кейін Трейси суррогат ана қызметіне жүгінген. Алайда келісімшартқа қол қойған күні өзінің де жүкті екенін білген. Суррогат ана Пайпер және Пресли есімді егіздерді, ал өзі Харлоу есімді қыз баланы дүниеге әкелген.
Сол жылы Трейси қайта жүкті болып, бесінші баласын туған.
"Бұл – ғажап хикая. Менің бес балам бар, бірі жасөспірім болса, төртеуі әлі кішкентай және біз Нью-Йорктың қақ ортасында тұрамыз", - деді әйел.
Азық-түлік жеткізетін Airba Fresh сервисі жабылды: Жұмыссыз қалған қызметкерлер енді өтемақы ала алмай жүр
Оның сөзінше, қызметкерлерден жұмыстан өз еркімен шығу туралы өтініш жазу талап етілген
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"