Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та Байден мен Трамп арасындағы дебат "ойын-сауық шоуы" деген атау алып үлгерді

27 маусымда АҚШ президенті Джо Байден мен экс-президент Дональд Трамп арасындағы алғашқы сайлауалды дебат өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Rambler басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: politinformburo.ru

Дебаттың бірінші кезеңі Джорджия штатының Атланта қаласында 21.00-де өтеді. Пікірталас 90 минутқа созылады және көрермен болмайды. Пікірталас өтпей тұрып “ойын-сауық шоуы” деген атау алып үлгерді. Нью-Йорк штатынан АҚШ сенаторлығына тәуелсіз үміткер Дайан Сэйр дебатта ерекше ештеңе болмайтынын айтты.



"Бүгінгі пікірталас фарсқа, әр түрлі шоуға айналады. Ол жерде үміткерлерге тек бір минут, 90 секунд немесе үш минут беріледі. Сіз физикалық тұрғыдан мұндай уақытта ешқандай идеяны тұжырымдап үлгермейсіз. Қазір президенттік сайлаудың нәтижесін болжау мүмкін емес. Өйткені Америка Құрама Штаттары "турбуленттік кезеңді бастан кешіріп жатыр", - дейді Дайан Сэйр.

АҚШ-та президент сайлауы 2024 жылдың 5 қарашасында өтеді. Жеңіске басты үміткерлер - АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп пен Ақ үйдің қазіргі басшысы Джо Байден.

Айта кетейік, бұған дейін Джо Байден Трамппен дебатқа түсуге дайын екенін хабарлаған еді. 

Талқылау