Коронавирустың дельта штаммының жаңа нұсқасы АҚШ-та табылды
Америкалық ауруларды бақылау және алдын алу орталығының басшысы Рошель Валенски АҚШ-та Ұлыбританиядан табылған AY.4.2 дельта штаммының түрлері таралғандығын жеткізді, деп хабарлайды "Stan.kz" ақпарат агенттігі "Хабар24" арнасына сілтеме жасап.

"АҚШ-та бұл вирус мезгіл өзгерген сайын жиі кездеседі. Бірақ ол AY.4.2 штаммының кіші түрі. Қауіптілігі күшеймес үшін, оның пайда болуы мен өсуін зерттеп, тіркейміз", – дейді Рошель Валенски.
Маман қазіргі таңда коронавирусқа қарсы вакциналар мен препараттар дельта штаммының жаңа түріне төтеп беру мүмкіндігі анықталуда дейді.
Бұған дейін “дельта” штаммынан да қауіпті вирус түрі Ұлыбританияда таралғандығы жарияланған болатын. AY.4.2 деп аталған штаммның жұғу жылдамдғы қауіпті деп танылған. Ұлыбританиядан бастау алған штамм түрі Изариль мен Еуропа елдерінен бөлек АҚШ-қа да жеткен.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"