78 жастағы миллиардер адам өлтіргені үшін айыпты деп танылды: Ол өз қылмысын абайсызда мойындап қойған
Америка Құрама Штаттарында сот 21 жыл бұрын кісі өлтіргені үшін 78 жастағы мультимиллионер Роберт Дерстке өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын берді. Ол түсірілім кезінде өзінде қосулы микрафон бар екенін ұмытып кетіп, қылмысын байқаусызда мойындап қойған. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі BBC News сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Сот алқасы Дерст әйелінің жоғалғаны туралы айтуына кедергі жасау үшін Сюзан Берманды өлтіргені дәледенді деп тапты.
78 жастағы Дерстке үкім 18 қазанда шығады. Оның жасаған қылмысына қарамастан, сотталушының жасын ескере отырып түрмеден босатып жіберуі мүмкін.
Қаза тапқан 55 жастағы журналист және жазушы Сюзан Берман мафиоз әкесімен бірге өткен балалық шағы туралы кітап шыққаннан кейін атаққа ие болды. 1982 жылы Дерсттің әйелі Кэтлин жоғалып кеткенде, Берман миллиардердің өкілі ретінде қатысты.
Ол кезде Дерстке айып тағылмады, бірақ 1999 жылы жоғалу туралы іс қайта ашылды. Содан кейін миллионер асығыс түрде Нью-Йорктен Техас штатындағы Галвестон қалашығына кетіп, онда американдық БАҚ-тың хабарлауынша, ол біраз уақыт мылқау әйелдің атын жамылып өмір сүрген.
Дерстпен жақын дос болған Берман оған полицияның шақыруы туралы хабарлайды. Осыдан кейін көп ұзамай әйел Калифорнияда өлі күйінде табылған.
Айыптаушылардың мәліметінше, Дерст барлығы үш адамды өлтірген – үшіншісі Галвестоннан келген егде жастағы Моррис Блэк болды, себебі ол Дерстті жасырынып жүрген кезінде танып қойған.
Дерст 2001 жылы Блэкты өлтірді деген айыппен тұтқындалған кезде, миллионер жанжал кезінде көршісін абайсызда атып өлтіргенін мәлімдеген. Сот алқасы соңында Дерст өзін-өзі қорғау үшін әрекет етті деген шешімге келеді.
- Ұлының қамы үшін: Өз өлімін ұйымдастырған заңгер сотқа тартылды
- Кеме апатқа ұшырап, төрт күн су ішпеген: Ашық теңізде қалған анасы балаларын құтқару үшін өз нәжісін ішіп, емізген
Алысқа бармаған атақ
2010 жылы режиссер Эндрю Джарекки Кэтлин Дерсттің жоғалып кету тарихының негізінде "Ең жақсының барлығы" фильмін түсіреді. Бұл кинода Райан Гослинг пен Кирстен Данст ойнаған.
Премьераға аз уақыт қалғанда Дерст режиссермен байланысқа шығып, оған картинаны көрсетеді. Кәсіпкерге фильм ұнап қалып, ол өзі туралы "Миллионер құпиялары" деректі мини-сериясын түсіруге келісім береді.
Сериалға берген сұхбатында Дерст әйелімен жанжалдасқанын және полицияға оның жоғалғаны туралы өтірік айтқанын мойындайды, бірақ оны және Сюзан Берманды өлтіргенін жоққа шығарады.
Бір жарым жылдан кейін сериалды түсірушілер Дерстті қайтадан сұхбатқа шақырып, оған Берманның өлтірілгені туралы хабарламасы бар анонимді хат пен кәсіпкердің қолы қойылған конвертті көрсетеді. Екеуінің де қолжазбалары ұқсас болып сонымен қатар емлелік қателері де бірдей болған.
Дерст әлі де кісі өлтіруге қатысы бар екенін жоққа шығарғанымен, оның қатты қобалжығаны көрініп тұрды.
Түсірілім аяқталғаннан кейін ол дәретханаға барып, микрафонның қосылып тұрғанын ұмытып, өз өзімен сөйлеседі.
"Миллионер құпиялары" фильмінің соңғы бөлімі эфирге шығардан бірнеше сағат бұрын билік Берманды өлтірді деген күдікпен Нью-Орлеанда Дерстті қамауға алады.
Соңғы сот
Сот барысында қазылар алқасына Дерсттің жуынатын бөлмеде өз өзіне айтқан сөздері тыңдатылады.
Онда Дерст: "Сайтан алғыр, мен не істедім? Әрине, олардың барлығын өлтірдім", – дейді.
Дерстің қорғаушылары бұл таспаның сотта қолданылуына қарсы шықты, олардың айтынша фразалар Дерстің өзімен сөйлесудің әртүрлі сегменттерінен жиналғанын көрсетеді.
Серия авторлары монтаждауды көркемдік қажеттілік деп түсіндіре отырып, оны манипуляция ретінде қарастырмайды. Олар фразаларды сериалдың соңында кісі өлтіруді мойындаумен аяқталатын етіп көрсету үшін, шамалы драма қосқанын жеткізді.
Алайда жазбаға қосылған кішігірім өзгеріс оны дәлел ретінде қолдануды қиындатты.
Нәтижесінде сот Дерсттің жуынатын бөлмеде өзімен сөйлескен сөзін дәлел ретінде қабылдады.
Джорджтаун университетінің заң профессоры Силас Вассерстром егер таспаны полиция немесе мемлекеттік мекеме Дерсттің хабарынсыз жасаса онда оны сотта ұсыну қиынырақ болатын еді дейді.
Сот үкімі жарияланғаннан кейін көп ұзамай Кэтлин Дерсттің отбасы Нью-Йорктегі Вестчестер округінің прокурорын шақырып әйелін өлтіргені үшін Дерстті қылмыстық жауапкершілікке тарту қажет екенін мәлімдеді.
"Лос-Анджелестегі әділет жүйесі ақыры Берман отбасының ырқына жығылды. Вестчестер Маккормактар отбасы үшін де дәл осылай жасайтын уақыт жетті", – деді олар.