АҚШ соты Трамптың азаматтықты шектейтін жарлығын уақытша тоқтатты
Сиэтл аудандық соты АҚШ президенті Дональд Трамптың азаматтықты шектейтін жарлығын уақытша тоқтатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: aljazeera.com
Жиырма екі штат АҚШ-та заңсыз иммигранттардың туған балаларына азаматтық алуға тыйым салатын құжатты бұзу үшін сотқа шағым түсірді.
"Мен 40 жылдан аса сотта жұмыс істедім. Дәл осы жағдай қатты есімде қалған. Тіпті басқа жағдайлар есімде де жоқ. Бұл Конституцияға қайшы келетін қаулы екені анық", – деді судья Джон Кугенур.
Сот Вашингтон, Иллинойс, Орегон және Аризона өкілдерінің “бұл бұйрық АҚШ Конституциясына 1868 жылы қабылданған 14-түзетуді бұзды” деп мәлімдеген талап арызын қанағаттандырды.
- Трамп ағайынды Кеннеди мен Мартин Лютер Кингті өлтіруге қатысты барлық құжаттарды ашуға бұйрық берді
Айта кетейік, бұған дейін Дональд Трамп АҚШ-тың 47-президенті ретінде ресми түрде қызметіне кіріскен еді. 20 қаңтарда инаугурация өткен.
Инаугурацияға өз орындарын алу үшін атақты адамдар, әлемдік көшбасшылар мен әлемнің ең бай адамдары келген. Олардың қатарында Аргентина президенті Хавьер Майли, X әлеуметтік желісінің иесі, SpaceX және Tesla компаниясының бас директоры Илон Маск, Amazon негізін қалаушы Джефф Безос және Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Борис Джонсон бар. Қонақтар арасында 2016 жылғы сайлауда Трамптың басты қарсыласы атанған Билл мен Хиллари Клинтон да бар.