АҚШ сенаторы Байденді Иранның мұнай инфрақұрылымына соққы беруге шақырды
АҚШ республикалық сенаторы Линдси Грэм президент Джо Байденді Иранның мұнай өңдеу зауыттарына соққы беруге шақырып, 2024 жылы АҚШ-тың Иранмен соғысын болжаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Foxnews сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Америкалық саясаткер Джо Байден әкімшілігінің жыл сайын соғыстарға жол беріп қоятынын айыптады.
"Бізде 2024 жылы Иранмен соғыс болады. Мен Иранға басып кіруді сұрамаймын. Бірақ президент Байденге айтарым – мәселенің түбіне үңіліңіз. Егер Иранның мұнай инфрақұрылымына шабуыл жасап, олардың қалтасына ауыртпалық түсірмесеңіз және қорқытпасаңыз, олар біздің сарбаздарға шабуыл жасауй береді", – деп қосты сенатор.
АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік кеңесінің стратегиялық коммуникациялар жөніндегі үйлестірушісі Джон Кирби Таяу Шығыстағы америкалық әскерилерге жасалған шабуылдардан кейін орынды жауап қайтаратынын айтты.
Шетелдік БАҚ АҚШ Иранға қарсы соққы беру нұсқаларын дайындап жатқанын жазды.
25 мың теңгелік автотұрақ: Көк Төбеде туристер есебінен кім табыс тауып отыр?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"