АҚШ Сенаты бір жынысты некені қорғау туралы заң жобасын қабылдады
АҚШ Сенаты бір жынысты некені қорғайтын заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters сайтына сілтеме жасап.

Бұл шара Жоғарғы Сот бір жынысты некені заңдастыру туралы шешімнің күшін жоя алмас үшін қабылданды. 2022 жылдың жазында АҚШ Жоғарғы Соты америкалықтардың жасанды түсік жасатуға жалпыұлттық құқығын жойған еді.
Заң жобасы 36-ға қарсы 61 дауыспен қабылданды. Ал оны қабылдау үшін 60 дауыс жеткілікті. 12 республикашылар 49 демократтарға қосылды.
"Осы заң жобасын қабылдай отырып, сенат әрбір америкалыққа мына нәрсені хабарлайды: сіз кім болсаңыз да, кімді жақсы көрсеңіз де, сіз де заң бойынша құрмет пен тең қарым-қатынасқа лайықсыз", – деді Сенат өкілі Чак Шумер.
Енді өкілдер палатасы заң жобасын президент Джо Байденге қол қоюға жібермес бұрын Сенаттың нұсқасын мақұлдауы керек.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады