Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ санкциясы: Қазақстандағы ірі банктердің бірінің жұмысына шектеу енгізілді

АҚШ санкциясына іліккен "Альфа банк Қазақстан" уақытша шектеу енгізді. Несие беруді тоқтатып, аударым мен қолма-қол ақша алуға шектеу қойылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап. 

Бірақ екінші деңгейлі банктің басшысы "Клиенттердің қаражаты сақталады, уайымдауға негіз жоқ" - деп отыр.

“Өкінішке қарай дәл осындай қадамға баруға мәжбүр болдық. Клиенттерге ақшаны қайтарып береміз. Бізге тек уақыт керек. "Альфа" Ұлттық банкпен бірлесіп тығырықтан шығудың жолын іздеп отыр. Әзірге клиенттер мобильді қосымшада тәулік лимиті шеңберінде теңгеде және рубльде ақша аударымын шот нөмірімен жасай алады. Коммуналдық қызмет, ұялы байланыс және басқа да қызмет төлемі тәуліктік лимитте штат режиміне өтеді”, –дейді Альфа-Банк Қазақстан атқарушы директоры Андрей Тимченко.

Бүгіннен бастап "Альфа банктің" елдегі клиенттері доллар және еуромен ақша аудара алмайды. Шоттағы осы валютамен сақтаулы тұрған соманы конвертациялауға да болмайды. Жеке және заңды тұлғаларға жеке желіден тыс Visa мен MasterCard карталары жұмыс істемейді. Сондай-ақ бір клиент күніне тек 500 мың теңге ғана қолма-қол ақша алуға және аударуға мүмкіндігі бар. Мобильді қосымшадағы операцияның ең жоғары лимиті бір клиентке тәулігіне 100 мың теңге.

Банк бөлімшесінің кассасында ақша беру де уақытша тоқтатылды. Бірақ  банктегі несиені бұрыңғыдай төлей беруге болады. "Альфа банктен" басқа банктердің картасымен заңды тұлғалар үшін POS-терминалдарда төлем қабылданбайтын болды. Өйткені АҚШ күні кеше ғана ресейлік "Альфа банк" және "Сбербанкпен" қаржылық қарым-қатынасты үзіп, мұхиттың арғы бетіндегі активтерін толық бұғаттаған. "Сбербанкке" қатысты санкция 13-сәуірден бастап күшіне енеді.

Талқылау