АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға келеді
Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға келетінін мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Энтони Блинкеннің Қазақстанға алғашқы сапары 28 ақпанға жоспарланған.
"Астанада болуы барысында Мемлекеттік хатшыны Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді екіжақты келіссөздер өткізеді. Сол күні Астанада Э. Блинкен және Орталық Азия елдерінің сыртқы саяси мекемелері басшыларының қатысуымен С5+1 форматындағы министрлік кездесу өтеді. Күн тәртібі өңірлік ынтымақтастық және АҚШ-пен серіктестік мәселелерін одан әрі дамытуды қамтиды", – делінген министрліктің хабарламасында.
Қазақстандық дәрігерлер Республика күніне сыйақы берілмегеніне жаппай наразы болды: Сыйақыны кімдер алады
Сонымен қатар қолданушылар медицина қызметкерлерінің жалақысы мен әлеуметтік жағдайын жақсарту қажеттігін көтерген
Зейнетақы жинағын аннуитетке аудару тиімді ме, әлде БЖЗҚ-да қалдырған дұрыс па? Сарапшы түсіндірді
Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын сақтандыруға асыққан жөн