Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақ ұлттық өнер университетіне барды

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақ ұлттық өнер университетінде болды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде Қазақстандағы АҚШ елшілігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Блинкен казахстан

"АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Астанаға сапары барысында мәдениет, өнер саласында және қазақ өнерінің дәстүрлі түрлерін жаңғыртуда дарынды мамандардың бірнеше буынын тәрбиелеп шығарған Қазақ ұлттық өнер университетінде болды", - делінген сейсенбі күні тараған ақпаратта.

Мемлекеттік хатшыны Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, халық әртісі, профессор Айман Мұсаходжаева қарсы алып, қазақ музыкасына ықылас танытып, тығыз жұмыс кестесінде уақыт тауып, университетке келгені үшін алғысын білдірген.



"Мемлекеттік хатшыға қазақ халқының мәдениетінде маңызды рөл атқаратын дәстүрлі музыкалық аспаптар туралы айтып, олардың дыбыстық ерекшеліктерін көрсетті", - делінген ақпаратта.

Еске салайық, Блинкен Қазақстанға ресми сапармен 28 ақпанға қараған түні келген еді. Сапар аясында оны президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды деп күтілуде.

Ақберен Амангелді
Сейсенбі, 28 Ақпан, 2023 11:03
Талқылау