АҚШ билігі Қытайға барып келген шетел азаматтарын елге кіргізуге тыйым салды
АҚШ билігі соңғы екі апта ішінде Қытайда болып қайтқан шетел азаматтарын елге кіргізуге тыйым салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аталған шара Қытайдағы коронавирус індетіне байланысты іске асырылып отыр.
АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігінің мәліметінше, бұл жағдай әуе экипаждарының туыстары мен америкалық азаматтарға қатысы жоқ. Хубэй провинциясына сапар шегіп қайтқан тұрғындар міндетті түрде 14 күнге карантинге жабылады екен.
Сонымен қатар Қытайдан келетін әуе рейстерін АҚШ-тың 7 әуежайы қабылдайтын болады.
Естеріңізге салайық, қытайлық індеттің жаппай тарауына байланысты Қазақстанда Қытаймен арадағы әуе қатынасын тоқтатқан еді. Бұған қоса елімізден Қытайға аттанатын пойыздардың бағытына да уақытша шектеу қойылыпты.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған