Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда жеті адамды өрттен құтқарған полицей өзінің ісі жайлы ешкімге тіс жармаған

Нұр-Сұлтан қаласында елордалық полицей жеті адамды, оның ішінде екі баланы өрттен құтқарып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

полицей

Ерлан Жаңабаев есімді тәртіп сақшысы ішкі істер органдарында қызмет атқарып келе жатқанына осымен 17 жыл болыпты. 1 ақпан күні ол Орлыкөл көшесінде орналасқан жатақхана жақтан шығып жатқан түтінді көріп қалған. Полиция қызметкері еш саспастан адамдарды құтқаруға асығыпты. Бұған қоса ол өрт сөндіру қызметіне хабарласып үлгерген. 

"Өрт сөндірушілердің келгенін күтпестен ол отқа оранған ғимараттың ішінен адамдарды эвакуциялауға кіріскен. Олардың ішінде қарт адамдар мен балалар да болған. Ерлан Жаңабаев 7 адамды құтқарып алған, арасында кәмелетке толмаған екі жеткіншек бар. Қазіргі уақытта өрттің себептері анықталуда. Бұл туралы полиция офицері кейіннен ғана айтып берді. Оның өзінде бұл жағдай куәгерлердің сөздерінен соң белгілі болды. Олар инспектор болмаса жағдайдың арты қайғыға алып келетін еді деп айтқан", - деді қалалық ПД қызметкерлері. 

Полицейдің өзі ерекше іс жасамадым дейді. Бұл менің жұмысым деп қосты ол.

"Полицияда қызмет істеу - күнделікті адамдарға жәрдем беру. Мен өз әрекетімді таңқаларлық жайт деп есептемеймін. Мұндайға тап болған кез келген инспектор дәл осылай жасайтын еді", - дейді Ерлан Жаңабаев.  

Жергілікті Сарыарқа аудандық полиция қызметінің бөлім басшысы Марат Өмірбаев полицейді қарапайым әрі парасатты адам екендігін айтып отыр. Сөзінше, Ерлан Жаңабаев өз ісіне берілген нағыз қызметкер екен. 

 

Талқылау