Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ басқа елдерге 80 млн доза вакцина жібермек

АҚШ басқа мемлекеттерге коронавирусқа қарсы 80 млн доза вакцина жібермек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

вакцина

АҚШ басшысы Джо Байден мұқтаж мемлекеттерге коронавирусқа қарсы 80 млн доза вакцина жіберу туралы шешім шығарды. Алғашында ол өзге елдерге 60 млн доза жөнелтпекші болған. Алайда тағы 20 млн доза жіберілетіні белгілі болды. Соңғы 20 млн доза вакцина құрамына Moderna, Pfizer, Johnson & Johnson және AstraZeneca кірмек. Бұл Америкада өндірілетін вакцинаның 13%-ын құрайды. 

Байден бұл АҚШ-тың гуманитарлық міндеті екенін алға тартты. 

"Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде де осылай болған. Енді міне коронавируспен күрес кезінде де АҚШ басқа елдерге вакцина жағынан көмек қолын созбақ. Көбі вакцина тұрғысынан Ресей мен Қытайдың ықпалы жоғары екенін айтады. Бірақ біз бұл тұрғыда АҚШ-тың беделін көрсетпекпіз. Біз вакцина арқылы өзге елдерді өзімізге қарыздар етуден аулақпыз", - деді Байден.


Қазақстандықтар коронавирусқа қарсы вакцина салғызуға міндеттеле ме 

Талқылау