БҚО-да ақсайлық жігіт 15 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түсті деп айыпталуда
БҚО-ның Ақсай қаласында 15 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түсті деп ер адам айыпталды. Полиция фактіні растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” порталына сілтеме жасап.

Полиция департаменті фактіні растап, ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабының 1-бөлігі "Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу" (зорлау емес – автордың ескертпесі) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын атап өтті.
Бапта белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған. Басқа ақпарат жариялауға жатпайды делінеді.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты