Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды
Қазақстан Республикасы үкіметінің жарлығымен Асхат Раздықұлы Оралов ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы премьер-министрінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

А.Оралов 1990 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетінің түлегі.
Еңбек жолын 2011 жылы ЕҰУ-дің әлеуметтік-тәрбие комитеті жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы ретінде бастады.
2019 жылдың сәуірінен бастап қазіргі уақытқа дейін Павлодар облысы әкімінің орынбасары болды.
Асхат Раздықұлы Оралов президенттің жастар кадрлық резервіне енгізілген.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"АҚШ-та үлкен мейрамханаларды жалға аламыз": Шетелдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
Наурыз қай жерде жүрсе де адамдарды біріктіретін, мәдени бірегейліктің маңызды символы