Ақмола облысында математика пәнінің мұғалімі жалған дипломмен физикадан сабақ берген
Ақмола облысында мектеп мұғалімі Елордадағы университетті бітіргені туралы жалған дипломды қолданғаны үшін кінәлі деп танылды.
Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, Ақмола облысына қарасты ауылдардың бірінде тұратын азаматша 1988 жылдан бастап математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеп келген. Сонша жыл еңбек өтілімі бар мұғалім біраз уақыттан кейін қосымша пәндерді жүргізбекші болған.
Содан ол, 2015 жылы белгісіз тұлғалардан «Физика» мамандығы бойынша Еуразия ұлттық университетін бітіргені туралы диплом сатып алған.
Жалған құжатты мектепке ұсынған мұғалім 2015 жылдың қаңтарынан 2018 жылға дейін физика пәнінен сабақ беріп, ол үшін жеке жалақы алып отырған.
Жалған құжатпен қызмет атқарған күдікті қылмыс жасағанын мойындап, шын жүректен өкініш білдірді. Сотта айыпталушының бұрын істі болмағаны және отбасы әйел екені, сондай-ақ оған оң сипаттамалар көрсетілгені ескерілді.
Бұл істі жүргізген Қорғалжын аудандық соты 51 жастағы әйелді Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 385-бабы 3-бөлігі бойынша «жалған құжат жасау немесе сату, сондай-ақ жасанды құжатты қолданғаны үшін» кінәлі деп тапты. Сотталушыға 60,125 теңге айыппұл салынды.
Оқи отырыңыз:
Қызылордалық оқушысы шахматтан әлем чемпионы атанды
Меңгеруші жұмыстан кеткен қызметкерге жалақы аударып, оны балабақшаның жөндеу жұмыстарына жұмсаған