Ақмола облысының әкімі тыл ардагерлерін Наурыз мейрамымен құттықтады
Бүгін өңір әкімі Ермек Маржықпаев тыл еңбеккері, "Алтын алқа" иегерінің шаңырағында болып, көктем мен жаңару мерекесі – Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.
Тыл еңбеккері Сәлима Әлиева қазір 105 жаста. Жұбайы 1941 жылдан бастап соғысқа қатысқан.
"Алтын алқа" иегерінің айтуынша соғыс жылдарында тылда тынымсыз еңбек етіп, соғыс уақытының барлық ауыртпалығы мен қиындықтарын көрген.
Сталинградта, Будапештте соғысқан күйеуі соғыстан 1944 жылы оралғаннан кейін, олар бірге тату-тәтті өмір сүрді. 1994 жылы жары қайтыс болғаннан бері Сәлима Баязитқызы өзінің мерекелік камзолынан ардагердің наградаларын, әсіресе — "Алтын алқа" медалін мақтанышпен тағып алады.
Бүгінде ақжаулықты әже Көкшетауда немересі (жиен) Ғадылжан келіні Назгүл және үш шөбересімен тұрады. Айтпақшы, оның 23 немересінен, 25 шөбересі бар.
Кездесу барысында өңір басшысы атап өткендей, тәуелсіздік жылдарындағы барлық жетістіктер соғыс және тыл ардагерлерінің лайықты ерлігі мен еңбегінің арқасында алынған.
"Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесінде көп жылдық адал еңбегіңіз үшін, тәжірибеңіз бен мейірімділігіңіз үшін Сізге мың алғысайтамын! Наурыз мерекесі жетістік, молшылық пен татулық сыйласын. Әркез ортамызда аман отырғайсыз. Шаңырағыңызға ырыздық пен береке нұры шалқысын", - деді Ермек Маржықпаев.
Өз кезегінде, тыл еңбеккері аймақ басшылығына көрсеткен қамқорлығы үшін алғыс білдіріп, отанымызға бейбіт аспан мен бақытты өмір тіледі.
Сондай-ақ, облыс әкімі қарттар мен мүгедектерге арналған "Үміт Шаңырақ" пансионатына барып, Наурыз мейрамымен құттықтады.

"Саған дейін қанша иесі болған?": Әйелдерге қатысты анайы жарнамалары үшін сынға қалғандар кімдер
