Ақмола облысында жылқылар аштықтан қырылып жатыр
Ақмола облысында аш қалған жылқылар жайылымда жүріп қырылып жатыр. Малшылар даланы қалың қар басқандықтан табынды үйге айдап келе алмай отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: видеодан скриншот
Боран жайылым жердегі жылқыларды әлсіретіп жіберген. Даладағы қардың қалыңдығы сонша, жануарлар оның астынан азығын іздеп таба алмайды екен.
Жайылым жерлердің ауылдан алыс болғаны да жағдайды ушықтырып отыр. Себебі бақташылар аш малды үйге айдап жеткізе алмайды. Жылқылардың жетуге шамасы жоқ.
Жергілікті тұрғындар биліктен көмек сұрап отыр. Олардың сөзінше, аман қалған малды жолды тазалап, дереу шөп жеткізетін ауыр техника ғана құтқарады.
“Жылқылар қырылып жатыр. Жағдай өте ауыр. Ешқандай көмек жоқ. Бұл – барлық жылқышылардың мәселесі. Көмектесулеріңізді сұраймыз”, – дейді бақташы Темірбек Ғалымов.
Бұған дейін Қарағанды облысында жылқылар белгісіз аурудан қырылып жатқанын хабарлаған едік.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”