Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында ТЖД Академиясының командирлері пара алғаны үшін сотталды

Ақмола облысында төтенше жағдайлар министрлігі академиясының қызметкерлері мен курсанттары сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Академияның үш курсанты жақсы баға алу үшін взвод командирі Е арқылы оқытушы азаматтық қорғау полковнигі Х-ға пара берген. Сонымен қатар командир Е оқуға түсіріп беру үшін 2,5 миллион теңге сұратып, алаяқтық жасаған. Дәл осы Е Ш-мен бірге шен береміз деген желеумен курсанттардан 267 мың теңге ақша алған.

Осылайша Қылмыстық кодекстің 190-бабы “Топпен бірігіп жасаған алаяқтық” бойынша олар сотқа тартылды

"Сот жаза тағайындау кезінде олардың балаларының болуын жеңілдететін мән-жай ретінде, ал ішкі істер органдары қызметкерлерінің қабылдаған антын бұзғанын ауырлататын мән-жай ретінде ескерді", – делінген сот хабарламасында.

Сот үкімімен мұғалім Х-ға параның 60 еселенген мөлшерінде айыппұл, командир Е-ге 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру, командир Ш-ға параның 10 еселенген сомасында айыппұл және өмір мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айыру жазасы берілді. Олардың әрқайсысы атақтарынан айырылды. Курсанттарға айыппұл салынды.

Сот төтенше жағдайлар министрлігіне сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстың жеткіліксіздігіне, кадр қызметі мен академияның жеке күзет басқармасының дұрыс жұмыс істемеуіне назар аударып, жеке ұйғарым шығарды. Сот актілері заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау