Ақмола облысында Сібір жарасы: 5 тұрғын ауруханаға жеткізілді
Ақмола облысы Ольгинка ауылында сібір жарасының туындауына байланысты карантин енгізуге қатысты ақпарат тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Хабарланғандай, 16 тамызда алынған ПТР үлгілерінің нәтижелерінен кейін карантин жарияланған. Дегенмен, диагноз әлі толық айқын емес. Зерттеу жалғасуда, соңы 19-20 тамызда аяқталады.
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бес тұрғын ауруханаға жеткізілген. Науқастардың жағдайы тұрақты. Олардан сібір жарасы ауруы табылған жоқ.
Хабарламада осы жылдың сәуір айында сібір жарасына қарсы малдарға екпе егілген. Сонымен қатар, 1998 жылы Ольгинка ауылынан 15 шақырым радиуста сібір жарасы ауруы тіркелгені аталып өткен. Оқиға болған жерде сәйкестендіру белгілері бар қоршалған стационарлық жерлеу орны бар.
Жалпы алғанда Ақмола облысының әр аудандарында 249 сібір жарасы ауруы ошағы тіркелген. Ол 27 мың гектар жерді алып жатыр.
Талқылау

"Декретке миллионмен" дауы: Курстың негізін қалаған депутат Дәулет Мұқаевқа тексеріс жүргізіле ме?
Депутат Дәулет Мұқаев курстағы негізгі ойды түсіндіре келе, әйелдерді заңды жолды ұстануға шақырды

Енді "Отбасы Банк" монополиясы болмайды: Ипотекалық несиелендіру реформасынан қандай жақсы өзгерістер күтеміз
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”