Ақмола облысында пара алды деген күдікпен кіріс департаментінің басшысы ұсталды
Фото: iStock
Ақмола облысында мемлекеттік кіріс департаментінің басқарма басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шендінің ұсталғанын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі мәлімдеді.
“Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оған қатысты бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі қаралып жатыр”, – делінген хабарламада.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен