Ақмола облысында көлік тұрғын үй ауласында 2 жасар баланы қағып өлтірді
5 сәуір күні Астана маңындағы Қосшы қаласында 2 жасар баланы көлік қағып өлтірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Қайғылы оқиға тұрғын үй ауласында болған. Желіде тараған видеодан аулада балалардың ойнап жүргенін көруге болады. Бір кезде ересектеу балалар доптың артынан жүгіріп кетіп, кішкентай қыз қараусыз қалады. Сол сәтте ауладан шығып келе жатқан көлік қызды басып кетеді.
“Қосшыдағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында Kia Sportage маркілі көлік жүргізушісі 2023 жылы туған қызды басып кеткен. Сәби оқиға орнында көз жұмды”, – делінген Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Полиция аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады, тергеу жүріп жатыр.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен