Ақмола облысында кейуананы ауладағы иті талап өлтірді
Ақмола облысында 79 жастағы кейуананы ауладағы иті талап, әжей тіл тартпай мерт болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 18-ші маусым күні болған.
"Атбасар аудандық ПБ кезекшілік бөліміне учаскелік инспектор хабарласып, Щуйское ауылындағы тұрғын үйдің ауласында 79 жастағы әжейдің денесі табылғанын мәлімдеді. Айтылған жерге барған тәртіп сақшылары 18-ші маусымда сағат 14:00-де үйдің ауласында байлаулы тұрған 2 жасар "Алабай" тұқымды төбеттің шынжырды үзгенін анықтады. Қария итті байламақшы болған кезде, ит оны мойын тұсынан бірнеше рет тістеп алған. Кейуана сол жерде көз жұмды", - деді ведомствода.
"Аталмыш оқиға адам өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне алынды. Зейнеткердің денесі мәйітханаға жіберіліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп қосты полиция департаментінде.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр